Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Ляззат Тұрлашов аудан әкімдеріне су тасқынының алдын алу жұмысын күшейтуді тапсырды

Бүгін өңірлік әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Ляззат Тұрлашовтың төрағалығымен су тасқынының алдын алу мәселесі талқыланған кезектен тыс комиссия отырысы өтті.

03.02.2023
Сұхбат

Кеңес барысында Ляззат Тұрлашов су тасқынының алдын алу жұмыстарын жүргізу жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігінде екенін айтты.

«Бүгін Үкіметте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматы, Жамбыл, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының су тасқыны кезеңінен өтуге дайындығы туралы комиссия отырысын өткізді. Әр өңірдегі жағдай туралы тыңдады. Кешегі Түркістан облысындағы жағдайды да көрдіңіздер. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сіздерге тапсырма берілген телефонограмма жіберді. Еліміздегі деректерге сүйеніп, бүгін комиссия отырысын ұйымдастырып отырмыз. Негізгі жауапкершілік жергілікті атқарушы органдардың мойнында екенін айтқым келеді», — деді Ляззат Тұрлашов.

Сондай-ақ өңір басшысының орынбасары аудан, ауыл әкімдері мен олардың орынбасарларына, төтенше жағдайлар басқармасының мамандарына көктемдегі табиғи апаттарға дайындықты күшейтуді тапсырды.

«Табиғи апаттарға дайындық жылда болады. Қыс басынан бері бірнеше отырыс өткіздік. Дегенмен тағы бас қосуымызға тура келді. Кеше Еңбекшіқазақ ауданының дайындығын көрдік қой, жер қазуға келмейді, тоң боп қалған. Арық қазбақ болған экскаватор жүргізушісінің еңбегі текке кетті. Енді арық жасауға кеш. Сондықтан су өтетін дайын арықтарды, көпір өткелдерін тазалап, құм салынған мөшектерді көптеп жасап, су өткелдерін жасаңыздар», — деді әкім орынбасары.

Жиында Ляззат Тұрлашов қауіпті аймақтарды күзететін кезекші топ құру қажет екенін де сөз етті.

«Облыста көп жерлер таулы аймаққа жатады. Ауа райына болжам жасалады. Бірақ, табиғат құбылысын дөп басып ешкім айта алмайды. Егер күн күрт жылып кетсе, таудан сарқырап аққан суға ие бола алмай қаласыздар. Сондықтан қауіпті аймақтарда кезекші топ жұмысқа кірісіп, өзендер мен су қоймалары күні-түні бақылауға алынуы тиіс», — деді Ляззат Тұрлашов.

Ляззат Тұрлашовтың мәліметінше, табиғи апаттардың алдын алу үшін облыста 1 млрд 450 млн теңге қарастырылған. Сондықтан барлық аумақтарда қаржылық тапшылық жоқ.

«Әлеуметтік желіде ортақ тобымыз да бар, сол жерге де тапсырманы үйіп-төгіп беріп жатырмыз. «Қабылданды» деп жауап бересіздер, қабылданғанына қарай жұмыс тыңғылықты атқарылуы тиіс. Егер дұрыс жұмыс жасалмаса, Қазақстанның заңына сәйкес сіздерге шара қолданылады. Облыстық бюджеттен 1 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Барлығыңызға жеткілікті. Осы уақытқа дейін Қарасай ауданында өзен арнасынан шығып кеткені туралы дерек тіркелді. Яғни, бұл жағдайға әкімдік дайын емес болғаны анықталды. Тағы да қайталап айтамын, дайындық жұмыстарын күшейтіңіздер», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЛяззат Тұрлашовсу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz