Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбыл Жабаевтың мерейтойынан кейін 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Алматы облысының Жамбыл ауданында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған акцияға 500 адам қатысып, 10,65 гектар аумақ қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026
Жаңалықтар

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, тазалық жұмыстары мерейтойлық шара өткен «Көкбастау» атшабарының аумағында ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға еріктілер, жастар және мерекеге қатысқан тұрғындар атсалысты.

Тазалық жұмыстарына үш қоқыс тасымалдаушы көлік пен аумақты абаттандыруға арналған қосымша арнайы техникалар жұмылдырылды. Нәтижесінде мерекелік шара өткен аумақтан 7 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

Айта кетейік, Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған мерекелік шара барысында санитарлық тазалықты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Көпшілік жиналған аумаққа алдын ала 80 биодәретхана мен 150 қоқыс жәшігі орнатылған.

Мерейтой аяқталғаннан кейін еріктілер мен жауапты қызмет мамандары атшабар аумағын тазалап, жиналған қалдықтарды арнайы көліктерге тиеп әкетті.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары алдағы күндері де жалғасады.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің тазалығын сақтауға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz