Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үлкен ауылы қалай өзгереді: қандай жаңа нысандар салынады?

Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылында әуежай мен қонақүй кешенін салу, теміржол станциясын жаңғырту және Балқаш көлінің жағалауын абаттандыру жоспарланып отыр. Бұл бастамалар елді мекеннің бас жоспарын қайта қарау аясында ұсынылған. Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас Алматы облысы әкімінің тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026
Жаңалықтар

Аудан әкімінің айтуынша, еліміздегі алғашқы атом электр станциясы салынатын Үлкен ауылын кешенді дамыту мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Атап айтқанда, Қайраткөл теміржол станциясын жаңғырту және жаңа әуежай орналастыру көзделген. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда өңірдің көлік қатынасын жақсартып, жолаушылар мен жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Балқаш көлінің жағалау аймағын абаттандыру жоспарланған. Елді мекеннің бас жоспарында туристер мен өңірге келетін қонақтарға арналған қонақүй кешенін салу үшін арнайы жер телімдерін бөлу мәселесі де қарастырылуда.

Аталған бастамалар Үлкен ауылының туристік әлеуетін арттырып, инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Дегенмен әзірге бұл жобалар жоспарлау сатысында. Оларды жүзеге асыру мерзімі мен қаржыландыру көлемі нақтыланбаған.

Айта кетейік, Үлкен ауылы Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Мұнда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған. Осыған байланысты алдағы уақытта елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Үлкен ауылы қалай өзгереді: қандай жаңа нысандар салынады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz