Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында армрестлингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Алматы облысының Қарасай ауданында жастар арасында армрестлингтен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Республикалық додаға еліміздің әр өңірінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026
Жаңалықтар

Чемпионатта 19 бен 23 жас аралығындағы спортшылар әртүрлі салмақ дәрежесінде оң және сол қолмен күресуден сынға түсіп жатыр. Қатысушылар қатарында тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру және есту қабілеті бұзылған спортшылар да бар. Пара-армрестлинг жарыстары арбада отырып және түрегеп тұрып күресу санаттары бойынша ұйымдастырылған.

Чемпионаттың ашылу салтанатына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, «Гір спорты және армспорт федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Ақжүрек Таңатаров қатысты. Ол мұндай жарыстардың өңірлердегі спорт мектептерін дамытуға және жастарды спортқа тартуға ықпал ететінін атап өтті.

«Республикалық чемпионаттарға жыл сайын еліміздің әр өңірінен көптеген спортшы қатысады. Бұл – жаттықтырушылардың еңбегі мен спортшылардың табандылығының нәтижесі. Әсіресе бір жарыста әртүрлі санаттағы спортшылардың, соның ішінде параспортшылардың өнер көрсетуі маңызды. Бұл армрестлингтің баршаға қолжетімді екенін көрсетеді», – деді Ақжүрек Таңатаров.

Алматы облысы армрестлингтен халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшыларымен танымал. Солардың бірі – әлемнің үш дүркін, Азияның бірнеше дүркін чемпионы Данил Устинов. 22 жастағы спортшы биыл Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алып, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын және күміс жүлдеге ие болды.

Өңірде пара-армрестлинг те қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта бұл спорт түрімен мүгедектігі бар 150-ден астам спортшы айналысады. Олардың 39-ы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Арасында әлемнің үш дүркін чемпионы Азамат Нұралиев пен 2026 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы Томирис Әзім бар.

Алматы облысының армрестлингтен аға жаттықтырушысы Сергей Михайловтың айтуынша, өңірдегі ең мықты спорт мектептерінің бірі Талғар ауданында қалыптасқан. Дегенмен соңғы жылдары Қарасай, Іле аудандары мен Қонаев қаласынан да болашағынан үміт күттіретін спортшылар шығып жатыр.

«Басты мақсатымыз – армрестлингтің даму аясын кеңейтіп, жастарды спортқа тарту. Мықты спортшылар тек жекелеген орталықтарда емес, облыстың барлық ауданында дайындалуы керек. Бұл чемпионат тәжірибе алмасуға және жаңа таланттарды анықтауға мүмкіндік береді», – деді Сергей Михайлов.

Айта кетейік, Алматы облысының спортшылары арасында Александр Гетало, Артём Морозов, Валерий Баранов, Айдын Бахтияров, Тахмина Гожамбердиева және Ольга Тимукина сынды халықаралық жарыстарда жетістікке жеткен армрестлинг шеберлері бар.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 19 қарашаға жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында армрестлингтен Қазақстан чемпионаты басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Алматы облысында қандай жағдайда мектептер карантинге жабылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Үлкен ауылы қалай өзгереді: қандай жаңа нысандар салынады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz