Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында қандай жағдайда мектептер карантинге жабылады?

Алматы облысында эпидемиялық маусым басталғалы бері 14 365 адам жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) белгілерімен медициналық көмекке жүгінген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 48,5 пайызға төмендеген. Бұл туралы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026
Жаңалықтар

Департамент басшысының айтуынша, өңірде ЖРВИ жұқтырғандардың басым бөлігі – балалар. Соңғы аптада тіркелген 2 559 науқастың 1 349-ы немесе 52 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар мұны балалардың мектептер мен балабақшаларда бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуымен байланыстырады.

Зертханалық мониторинг барысында респираторлық инфекция белгілері бар 212 адам тексерілген. Нәтижесінде екі науқастан A(H1N1) тұмау вирусы анықталған.

Облыста 117 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алды

Қазіргі уақытта өңірде тұмауға қарсы вакцинация жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 117 003 адам екпе алған. Олардың 80 пайызы – ересектер, 20 пайызы – балалар.

Қауіп тобындағы азаматтарды вакцинациялау көрсеткіші әртүрлі. Атап айтқанда, қарттар үйлерінде екпе алуға жататындардың 100 пайызы, жабық мекемелерде 97 пайызы вакцинацияланған. Медицина қызметкерлері арасында бұл көрсеткіш 72 пайызды, созылмалы аурулары бар азаматтар арасында 54 пайызды, жүкті әйелдер арасында 50 пайызды құрайды. Ал мектеп оқушыларының 17 пайызы екпе алған.

Мектептер қашықтан оқытуға көшуі мүмкін

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарында санитариялық талаптар күшейтілген. Мектептер мен балабақшаларда күн сайын таңертең балалардың дене қызуы өлшеніп, денсаулық жағдайы тексеріледі. Тұмау немесе ЖРВИ белгілері байқалған балалар сабаққа жіберілмейді.

Сырқаттанушылық деңгейі артқан жағдайда кабинеттік оқыту жүйесі уақытша тоқтатылып, оқушылар барлық сабақты бір кабинетте өткізеді. Сондай-ақ мектеп ішіндегі бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларға шектеу қойылады.

«Егер сынып оқушыларының 20 пайызы немесе одан көбі тұмау мен ЖРВИ салдарынан сабаққа келмесе, оқу процесін уақытша тоқтату мәселесі қарастырылады. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен мектеп басшылығының шешімі бойынша сынып қашықтан оқыту форматына көшірілуі немесе уақытша карантинге жабылуы мүмкін», – деді Марат Исмаилов.

Мұндай шектеулер эпидемиологиялық жағдайға байланысты 10–14 күнге дейін созылуы мүмкін.

Медициналық мекемелерде маска тағу міндеттелді

Облыста 1 қазаннан бастап барлық медициналық ұйым қызметкерлеріне маска тағу талабы енгізілген. Емдеу мекемелерінде тұмау белгілері бар науқастарды анықтайтын арнайы сүзгі бекеттері ұйымдастырылған.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде мобильді медициналық бригадалар жұмыс істейді. Ауруханаларда қосымша инфекциялық төсек-орындар ашуға дайындық жүргізіліп, дәрі-дәрмек пен тест жүйелерінің қажетті қоры жасақталған. Марат Исмаилов тұрғындарға аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда үйде қалып, дәрігерге қаралуға кеңес берді.

«Ауырып тұрған баланы мектепке немесе балабақшаға жібермеу керек. Ересектер де дене қызуы көтерілген жағдайда жұмысқа бармағаны жөн. Бұл өз денсаулығын ғана емес, айналасындағы адамдарды да қорғау үшін маңызды», – деді департамент басшысы.

Мамандар тұрғындарға қолды жиі жуып, бөлмелерді тұрақты желдетуді, адамдар көп жиналатын орындарда қорғаныш маскасын тағуды ұсынады.

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға күнделікті мониторинг жүргізуді жалғастырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қандай жағдайда мектептер карантинге жабылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Алматы облысында 11 жастағы оқушы мектеп баспалдағынан құлап, көз жұмды

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

Үлкен ауылы қалай өзгереді: қандай жаңа нысандар салынады?

Қорлан Нұрланқызы
19.11.2026

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz