Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында тұрғын үйге бөлінген 101,4 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Алматы облысының Райымбек ауданында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде мемлекетке 101,4 миллион теңге шығын келтірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026
Жаңалықтар

Қадағалау органы 2019–2024 жылдар аралығында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жүргізілген мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын тексерген.

Тексеру барысында жалпы құны 596 миллион теңгеден асатын 55 тұрғын үйді сатып алу рәсімдері зерделенді.

Прокуратураның мәліметінше, жауапты тұлғалар тұрғын үйлердің бағасын әдейі қымбаттатып көрсеткен. Кейін артық бөлінген бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскені анықталған.

«Талдау барысында баспана бағасын қолдан өсіріп, кейін бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру және оны сыбайластар арасында бөліске салу схемасы әшкереленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 101,4 млн теңге шығын келтірілгені анықталды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданған.

Сот үш адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша кінәлі деп танып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталғандарға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Алайда сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz