Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қытай инвесторлары Алматы облысында зауыттар мен логистикалық хаб салуға ниетті

Алматы облысында Қытай инвесторларының қатысуымен жаңа өндіріс орындарын ашу, көлік-логистикалық хаб салу және «Сокол» спорттық-техникалық кешенін дамыту мүмкіндіктері талқыланды. Өңірге жұмыс сапарымен келген Қытай Халық Республикасының делегациясы облыс әкімі Шыңғыс Әріновпен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026
Жаңалықтар

Кездесу Іле ауданында орналасқан «Сокол» спорттық-техникалық кешенінде өтті. Қытай делегациясын Цзянсу провинциясының Нанкин қаласына қарасты Сюаньу ауданы Халық үкіметінің басшысы Тун Сяоцзя (Tong Xiaojia) бастап келді. Делегация құрамында мемлекеттік құрылымдардың, іскерлік орта мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Энергетикалық орталығының өкілдері болды. Келіссөзге «Сокол» спорттық-техникалық кешенінің бас директоры Дастан Ибрагимов те қатысты.

Тараптар Алматы облысының инвестициялық әлеуетін және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, өңірде көлік-логистикалық хаб құру, ірі және шағын өндіріс кәсіпорындарын ашу, сондай-ақ қала құрылысы бағытындағы инвестициялық бастамаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қытайлық серіктестер «Сокол» кешенінің басшылығымен бірлесіп, аталған бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Өз кезегінде облыс әкімі Шыңғыс Әрінов Алматы облысының нақты инвестициялық ұсыныстар мен ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.

Өңір басшысының айтуынша, инвесторларды тартуда олардың бизнес ауқымынан бұрын жобалардың нақты нәтижесіне басымдық беріледі. Бұл ретте тартылатын инвестиция көлемі, өндірістік әлеуеттің артуы және бастамалардың іс жүзінде жүзеге асырылуы маңызды.

Сондай-ақ облыс әкімдігі ауқымды инвестициялық жобалармен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға да мүдделі екені айтылды.

Кездесуде «Сокол» спорттық-техникалық кешенінің даму перспективаларына ерекше назар аударылды. Тараптар кешеннің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін пайдалану және оны бірлескен инвестициялық бастамаларға тарту мәселелерін қарастырды.

Алматы облысының географиялық орналасуы мен көлік дәліздеріне жақындығы өңірде логистика және өндіріс салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту жаңа кәсіпорындардың ашылуына, жұмыс орындарының құрылуына және өңірдің инвестициялық тартымдылығының артуына ықпал етуі мүмкін.

Әзірге талқыланған жобалардың инвестиция көлемі, жүзеге асырылу мерзімі мен нақты орналасатын жерлері туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаевҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

24–26 қазан: қазақстандықтарды үш күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Президент құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

2027 жылы Рамазан айы қашан басталады?

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz