ҚМДБ жариялаған күнтізбеге сәйкес, мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге белгіленген. Ал Құрбан айт мерекесі 16–18 мамыр аралығында атап өтіледі.
2027 жылғы негізгі діни күндер:
- 8 ақпан – қасиетті Рамазан айының басталуы;
- 5 наурыздан 6 наурызға қараған түн – Қадір түні;
- 9 наурыз – Ораза айт мерекесі;
- 16–18 мамыр – Құрбан айт мерекесі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, хижра күнтізбесіндегі айлардың басталу мерзімі халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген.
Дегенмен діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін.
«Жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күндері бір күнге ілгері немесе кейін жылжуы мүмкін», – деді ҚМДБ.





