Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

24–26 қазан: қазақстандықтарды үш күндік демалыс күтіп тұр

Биыл Қазақстанда Республика күніне орай қосымша демалыс күні беріледі. 25 қазан жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс дүйсенбі, 26 қазанға ауыстырылады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026
Жаңалықтар

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін қазақстандықтар 24, 25 және 26 қазан күндері қатарынан үш күн демалады. Ал 27 қазан, сейсенбі күні жұмысқа шығады.

Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін 24 қазан жұмыс күні болып саналады. Олар 25 және 26 қазанда демалады.

Жалпы, 2026 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша 10 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні қарастырылған.

Айта кетейік, Республика күні – Қазақстандағы ұлттық мереке. Ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі.

Бұл күннің тарихи маңызы ерекше. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны қабылдады. Аталған құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалаған маңызды тарихи шешімдердің бірі болды.

2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылып, 25 қазан ресми демалыс күні ретінде белгіленді.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанмереке

Соңғы жаңалықтар

24–26 қазан: қазақстандықтарды үш күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Президент құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

2027 жылы Рамазан айы қашан басталады?

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz