Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қонаев қаласында саяжай аумақтарының болашағы мен тұрғын үйлердің сақталуына қатысты мәселе талқыланды. Қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғындармен кездесіп, бас жоспар аясында саяжайларды дамыту, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026
Жаңалықтар

Кездесуде тұрғындар саяжай аумақтарында көпқабатты және орта қабатты тұрғын үйлер салуға қарсы екендерін жеткізді. Олардың басты талабы қазіргі жеке тұрғын үйлерді сақтап, аумақты жеке тұрғын үй құрылысына арналған аймақ ретінде дамыту. Сонымен қатар тұрғындар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын жеке тұрғын үй құрылысына ауыстыру, орталықтандырылған ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін көтерді.

Жиында қаланың бас жоспарын әзірлеген «Урбостиль» ЖШС бас директоры Любовь Нысанбаева саяжай аумақтарын жаппай сүру қарастырылмағанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, бас жоспар – қаланың ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Онда тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды орналастыру, инженерлік-коммуникациялық желілер мен көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қамтылады. Дегенмен жеке меншіктегі жер учаскелеріне қатысты кез келген шешім қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қабылдануға тиіс.

Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Руслан Алтыбаев саяжай аумақтарындағы құрылыс түрлері мен ғимараттардың қабаттылығы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген кезде нақтыланатынын түсіндірді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта аумақтардың функционалдық аймақтарын өзгеріссіз қалдыру көзделіп отыр. Алайда нақты құрылыс параметрлері тиісті жоспарлау құжаттары дайындалғаннан кейін белгілі болады.

Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу 2027 жылға қалдырылуы мүмкін. Себебі жобаны қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім беру қажет. Тапсырыс беруші ретінде Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы немесе Қонаев қаласының тиісті құрылымдық бөлімшесі қарастырылып жатыр.

Қала әкімі Асхат Бердіханов тұрғындардың ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын айтып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген кезде міндетті түрде қоғамдық тыңдау ұйымдастырылатынын жеткізді.

«Бұған дейін әзірленген инженерлік желілерді тарту жобалары өзгертілмейді. Ауыз су және газ тарту жобалары биыл мемлекеттік сараптамадан өтеді. Кейін жол және басқа да инфрақұрылымды дамыту мәселелерін қарастырамыз», – деді қала әкімі.

Осылайша, Қонаевтағы саяжай аумақтарын жаппай бұзу жоспарда жоқ. Дегенмен жер учаскелерінің мәртебесі, құрылысқа қойылатын талаптар және аумақтарды дамытуға қатысты түпкілікті шешімдер егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы аясында нақтыланбақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауына дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысына келген туристер саны 30 пайызға жуық артты

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz