Өңір басшысының орынбасары Кеген ауданына жұмыс сапары барысында аталған нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайын бағалады. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.
Жұмыс сапары кезінде құрылыс сапасы, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беру және мердігер ұйымдардың міндеттемелерін орындауы мәселелері қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын бекітілген талаптарға сәйкес жүргізіп, нысандарды уақытылы аяқтауды тапсырды.
Торайғыр мен Қопалы мал суаттарының іске қосылуы жайылымдық жерлерде төрт түлікті сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейтпек. Бұл әсіресе мал шаруашылығымен айналысатын ауыл тұрғындары үшін маңызды.
Мал суаттарының болуы жайылымдарды тиімді пайдалануға, малды суару үшін алыс қашықтыққа айдау қажеттілігін азайтуға және шаруашылықтардың жұмысын жеңілдетуге ықпал етеді.
Аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін Кеген ауданындағы мал шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартуға және ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға қосымша жағдай жасалады.





