Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырып, салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдіріп, құтқарушы мамандығының қоғам үшін маңызына тоқталды.

«»Құтқарушы» сөзінің мағынасы – өте кең әрі терең. «Құтқару» – әрдайым игі іс жасаумен, жақсылық істеумен байланысты ұғым. Адам өміріне араша түсу, азаматтарды қауіп-қатерден қорғау, оқыс жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу, тіпті, олардың қорқынышын басып, жұбату сөз айту – осының бәрі де нағыз құтқарушының бойынан табылатын асыл қасиеттер. Сондықтан халқымыз сіздерді, яғни еліміздің барша құтқарушы мамандарын бейбіт күннің батырлары деп атайды. Бұл – шын мәнінде әділетті баға», – деді Президент.

Тоқаев құтқарушы болу көптің алғысына бөлейтін абыройлы әрі мәртебелі қызмет екенін атап өтті. Сонымен бірге азаматтық қорғаныс саласында адал еңбек ету кез келген адамның қолынан келе бермейтінін айтты.

«Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу – өз алдына өте маңызды талап екені даусыз. Бірақ құтқарушы ең алдымен елге жаны ашитын отаншыл азамат және білікті маман болуға тиіс. Осындай күрделі жұмысты рухы мықты, жауапкершілігі жоғары, жүректі адамдар ғана таңдайды», – деді Мемлекет басшысы.

Президент төтенше жағдай саласының қызметшілерін қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен кәсіби мамандар деп бағалады.

«Құтқарушылардың еңбегі қашанда еліміздің көз алдында. Сіздер күн сайын тәуекелге барып, кәсіби міндет пен жауапкершілікті бәрінен биік қоясыздар. Басқаша айтқанда, от пен судың ортасында жүресіздер. Төтенше жағдайға түскен адамдарға жәрдем беріп, оларды қиындықтан құтқару үшін қажымай қызмет етесіздер», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы құтқарушылардың кез келген төтенше жағдайда бірінші болып көмекке ұмтылатынын, өзгенің өмірін сақтау үшін өз өмірін қатерге тігетінін атап өтті.

«Бұл – нағыз құтқарушыға тән батырлық. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздердің ерен еңбектеріңіз қоғамымыздың айрықша сый-құрметіне лайықты деп санаймын», – деді Президент.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

24–26 қазан: қазақстандықтарды үш күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Президент құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

2027 жылы Рамазан айы қашан басталады?

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz