Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа емханалар, заманауи жабдықтар, жаңарған жедел жәрдем: Алматы облысында медицина дамуда

Алматы облысында 2025 жылы денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған соңғы жылдардағы ең ауқымды бағдарламалардың бірі жүзеге асырылды. Өңірде бір мезетте жаңа медициналық нысандар салынып, қолданыстағы ауруханалардың материалдық-техникалық базасы күшейтіліп, жедел медициналық жәрдем қызметі кезең-кезеңімен жаңартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.12.2025
Жаңалықтар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 38 медициналық нысан салу жоспарланған. Бүгінгі таңда олардың 36-сының құрылысы толық аяқталып, 12 нысан пайдалануға берілді. Ашылған мекемелер қатарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен медициналық пункттер бар. Жыл соңына дейін тағы екі амбулаторияның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар аудандық ауруханаларда, емханалар мен перзентхана бөлімшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өңірдегі медициналық ұйымдарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтуға да ерекше көңіл бөлінген. 2025 жылы бұл мақсатқа 6,01 млрд теңге бөлініп, 347 бірлік жоғары технологиялық медициналық техника сатып алынды. Олардың қатарында магниттік-резонанстық томограф, ангиограф және онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған заманауи жабдықтар бар. Нәтижесінде медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 91 пайыздан 93 пайызға дейін артты.

Алматы облысында жедел медициналық жәрдем қызметін дамыту басым бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Қазіргі уақытта өңірде 1 жедел жәрдем станциясы, 12 қосалқы станция және 64 ауылдық дислокация жұмыс істейді.

Биыл жедел жәрдем қызметінің автопаркі 20 жаңа санитарлық автокөлікпен толықты. Ал 2026 жылдың ақпан айына дейін лизингтік қаржыландыру есебінен тағы 70 санитарлық автокөлік жеткізу жоспарланып отыр. Бұл, әсіресе ауылдық елді мекендерде, шақыртуға жету уақытын қысқартып, медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатовтың айтуынша, жедел медициналық жәрдем қызметін жаңарту – өңір үшін басты басымдықтардың бірі.

«Жедел медициналық жәрдем – денсаулық сақтау жүйесіндегі ең маңызды сала. Сондықтан біз медициналық нысандарды салумен және оларды техникамен жабдықтаумен қатар, жедел жәрдем автопаркін де кезең-кезеңімен жаңартып келеміз. Басты мақсат – кез келген елді мекенде тұрғындарға жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсету», – деді Қанат Есболатов.

Жедел жәрдем қызметкерлері де жүргізіліп жатқан жаңартулардың жұмыс тиімділігін арттырғанын айтады. Облыс аудандарының бірінде қызмет атқаратын жедел жәрдем жүргізушісінің сөзінше, жаңа автокөліктер шақыртуға тез жетуге мүмкіндік береді.

«Жаңа көлікпен жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлы. Әсіресе ауылдар мен тас жолдарда өте тиімді. Көлік сенімді, іші жылы, барлық қажетті медициналық жабдықпен қамтамасыз етілген. Бұл науқастың өмірін сақтауда шешуші рөл атқарады», – дейді ол.

Оң өзгерістерді өңір тұрғындары да байқап отыр. Аудандық аурухананың пациенті жедел жәрдемнің дер кезінде келіп, сапалы көмек көрсеткенін атап өтті.

«Уақыт әр минутпен өлшенетін сәтте жедел жәрдемнің тез жетуі өте маңызды. Көмек те уақытында көрсетілді», – деді тұрғын.

Сонымен қатар, Алматы облысында медицина кадрларымен қамтамасыз ету мәселесі де жүйелі түрде шешіліп келеді. 2025 жылы өңірге 80 жас дәрігер жұмысқа тартылып, мамандар тапшылығы 47 штаттық бірлікке дейін қысқарды. Әсіресе ауылдық жерлерде еңбек ететін медицина қызметкерлеріне көтермеақы төлеу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz