Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Биыл Іле ауданында Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесі бұрын-соңды болмаған жаңа форматта, кең көлемде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
22.03.2026
Жаңалықтар

10 мыңнан астам тұрғын мен қонақтың басын қосқан айтулы шара аудан өміріндегі маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды.

Мерекелік шара Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі бойынан бастау алып, ұлттық нақыштағы ерекше атмосфера қалыптасты.

Көше бойына тігілген киіз үйлер мен шатырларда халқымыздың бай салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ақ дастархан жайылып, тұрғындарға наурыз көже ұсынылды.

Алаңда 5 киіз үй мен 70-ке жуық шатыр тігіліп, аудан мекемелері, кәсіпорындар мен этномәдени бірлестіктер өздерінің ұлттық ерекшеліктерін таныстырды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Биылғы мерекенің басты ерекшелігі – «Наурыз Digital» форматындағы заманауи алаңның ұйымдастырылуы болды. Арнайы аймақта робототехника көрмесі өтіп, келушілер жаңа технология жетістіктерімен танысып, цифрлық даму мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.

Мерекелік бағдарлама аясында кең көлемді концерт ұйымдастырылып, сахна төрінде танымал эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік кеш көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Сонымен қатар, ұлттық және спорттық ойындар да назардан тыс қалмады. Қазақша күрес, арқан тарту, асық ату, тоғызқұмалақ сынды дәстүрлі жарыстар ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысып, мерекелік рухты бірге сезінді. Алтыбақан құрылып, көпшілік ұлттық ойын-сауықты тамашалап, мазмұнды демалыс өткізді.

Осылайша, Іле ауданында өткен Наурыз мерекесі ұлттық құндылықтар мен заманауи үрдістерді үйлестірген, мазмұны бай, ауқымды әрі бірегей «Naурыз Digital» форматындағы мереке ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарІле ауданынаурыз

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz