Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңір тұрғындарын Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аймақ басшысы өз құттықтауында Наурыздың сан ғасырлық тарихы бар, қазақ халқы мен көптеген елдерге ортақ қастерлі мереке екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл күн – табиғаттың жаңарып, күн мен түн теңелетін, жаңа кезеңнің басталуын білдіретін ерекше сәт.

«Наурыз мейрамы – ұлттық құндылықтарымыздың жарқын көрінісі. Бабаларымыз бұл күнді әрдайым ізгілік пен берекенің бастауы ретінде ұлықтаған», – делінген құттықтауда.

Марат Сұлтанғазиев мейірімділік, жанашырлық және жасампаздық секілді қасиеттер ұлттың асыл мұрасы екенін атап өтіп, бұл құндылықтар өңірдегі түрлі этнос өкілдерін бір мақсатқа біріктіріп отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, тұрақтылық пен өзара түсіністік – қоғамның басты байлығы.

Сондай-ақ өңір басшысы биылғы Наурыз мейрамының ерекше мәнге ие екенін айтты. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұлттық мереке де жаңаша сипатта тойланып жатқанын атап өтті.

Құттықтауда жуырда өткен референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданғаны да тілге тиек етілді. Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Ата Заң еліміздің жаңғыруының құқықтық негізін қалыптастырып, ел мен өңірдің дамуына жаңа серпін береді.

Сөз соңында Марат Сұлтанғазиев барша тұрғындарға амандық, бірлік пен береке тілеп, әр шаңыраққа шаттық пен молшылық тіледі.

«Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, игі бастамаларымыз оңынан болсын! Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!», – деді өңір басшысы.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz