Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Қазақстан мен шет мемлекеттердің білім беру саласындағы 250-ден астам өкілі бас қосты. «Заманауи білім беру: оқыту сапасын арттыру үшін ЖИ мен STEM-ді интеграциялау» атты халықаралық конференцияда жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026
Жаңалықтар

Халықаралық жиынға педагогтер, ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары, отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты. Конференция Қонаев қаласы әкімдігінің қолдауымен The Ulytau Educational Foundation қоры мен қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасанды интеллект пен STEM технологияларын білім беру жүйесіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру, озық халықаралық тәжірибелермен алмасу және оқыту сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдістерді талқылау.

STEM – ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіретін білім беру тәсілі. Оның басты ерекшелігі – оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру. Бұл әдіс арқылы балалар зерттеу жүргізуге, тәжірибе жасауға, жобалар әзірлеуге және нақты мәселелердің шешімін табуға үйренеді.

Мамандардың пікірінше, цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқан кезеңде мұндай оқыту тәсілдері оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін және технологиялық сауаттылығын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Конференцияның ашылуына қатысқан Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Марат Тұрсын сапалы білім қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі факторлардың бірі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, жасанды интеллект мұғалімнің орнын алмастыру үшін емес, педагогтің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында қолданылуы тиіс. Сонымен қатар білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оқушылардың заманауи технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды.

Халықаралық конференцияда қазақстандық және шетелдік сарапшылар білім берудің болашағына қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті.

Пленарлық отырыста NeoAI Solutions компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Айдын Маутхан, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жаумбай Қараев, Canadian International School Astana директорының орынбасары Аббас Хазал, EdTech сарапшысы Санжар Кенжеханұлы, BRiF Research Group бас директоры Александр Рузанов және Professional Development Institute Almaty директоры Маржан Ғалымжанова баяндама жасады.

Сарапшылар жасанды интеллект негізіндегі білім беру жобаларының нәтижелерін, STEM технологияларының мүмкіндіктерін, цифрлық құралдарды қолданудың артықшылықтары мен тәуекелдерін талқылады. Сондай-ақ жаңа технологиялар жағдайында мұғалімнің рөлі қалай өзгеретініне назар аударылды.

Конференцияның тәжірибелік бөлімінде бес тақырыптық сессия ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Nazarbayev University жанындағы Зияткерлік жүйелер және жасанды интеллект институтының ARMS зертханасының жетекшісі Азамат Ешмұхетов промпт-технологиялар мен автоматтандыру мүмкіндіктерін таныстырды.

Ал Bilim Group өкілі Нұрлан Жұмагелді ұлттық цифрлық білім беру экожүйесі туралы баяндады.

Бұдан бөлек, қатысушылар STEM бағыттарын дамыту, жасанды интеллектіні сабақ барысында қолдану, білім берудің заманауи әдістемелерін енгізу және ғылым, бизнес пен білім беру ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту мәселелерін қарастырды.

Canadian International School Astana өкілдері физика сабақтарында модельдеу, бағдарламалау және жасанды интеллект негізіндегі симуляцияларды қолданудың тәжірибелік үлгілерін көрсетті. Мұндай әдістер оқушылардың күрделі мәселелерді талдау және өздігінен шешім қабылдау қабілетін дамытуға бағытталған.

Конференция аясында заманауи білім беру технологияларының көрмесі де өтті.

«Индустрия тәжірибесі: AI, STEM және цифрлық білім беру» атты көрмеде Central Asian Educational Solutions, KidsGo Technology компаниясының AI-LAB жобасы, DIGIS, Bilim Group және ROQED ұйымдары өздерінің цифрлық әзірлемелері мен білім беру саласына арналған технологиялық шешімдерін таныстырды.

Халықаралық конференция білім беру саласының өкілдеріне тәжірибе алмасуға, жасанды интеллект пен STEM технологияларын оқыту үдерісіне енгізудің мүмкіндіктерін талқылауға және заманауи білім беру жүйесін дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz