Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Бостандық ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Рахметолла Райымқұловтың бюсті орнатылды. Ескерткіш қаламгердің туған жері Қараманас ауылындағы оның есімімен аталатын №34 мектептің аумағында бой көтерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026
Жаңалықтар
Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі 19 қарашада өтті. Оған Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік және дипломатиялық өкілдері, қаламгерлер, шығармашылық зиялы қауым, жазушының туыстары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Бюстің авторы – өзбекстандық мүсінші Нодир Усманов. Ескерткіштің орнатылуына жазушының отбасы қолдау көрсеткен.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, жазушының қызы Ақтоты Райымқұлова бұл оқиғаның екі ел арасындағы мәдени және рухани байланыстарды нығайтудағы маңызына тоқталды.

Ол әкесінің туған жеріне деген ерекше ықыласын еске алып, Қараманас ауылының қаламгер өмірінде маңызды орын алғанын айтты.

«Бүгінгі Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы достық мәңгі жасай берсін! Өзбек халқы мен қазақ халқының арасындағы бауырластық, туыстық мәңгілік болсын! Біз Өзбекстан Республикасының Қараманас ауылында тұрмыз. Менің әкем, қазақ халқының көрнекті жазушысы Рахметолла Райымқұлов 1913 жылы осы жерде туған. Кіндік қаны тамған туған жері әкем үшін өте қымбат болды. Көзі тірісінде әкемнің туған жерін аңсап, жылына бірнеше рет келіп-кететінін өзім де көрдім, өзім де бірге келіп жүрдім», – деді Ақтоты Райымқұлова.

Салтанатты рәсім барысында жиналған қауым жазушының бюстін ашып, оның әдеби мұрасына құрмет көрсетті.

Рахметолла Райымқұловтың есімі берілген мектеп аумағында ескерткіштің орнатылуы қазақ әдебиетін дәріптеумен қатар, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың көрінісіне айналды.

Әсіресе, бұл бастаманың жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор. Қаламгердің туған жерінде оның есімі мен шығармашылық мұрасын ұлықтау жергілікті оқушылардың қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Ескерткіштің өзбекстандық мүсінші қолынан шығуы да екі ел арасындағы шығармашылық байланыстың айғағы. Салтанатты шараға қос мемлекеттің әдебиет және мәдениет өкілдерінің қатысуы ортақ рухани құндылықтарды сақтауға деген ұмтылысты көрсетті.

 

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz