Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Наурыз мерекесі қарсаңында Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығына барып, тәрбиеленушілермен бірге мерекені атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz7

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аймақ басшысы балалармен жүздесіп, олармен бірге ағаш көшеттерін отырғызды. Сондай-ақ жас өрендерді табиғатты аялауға шақырып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

«Бүгінгі білімді, зерек, ізденімпаз балалар – ертеңгі елдің тірегі. Қазір білекке емес, білімге сенетін заман. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, жақсы оқып, заманауи технологияларды меңгеруге талпынған жөн. Мемлекет тарапынан сендердің сапалы білім алуларыңа, спортпен айналысып, өнер мен шығармашылыққа бейімделулеріңе барлық жағдай жасалуда», – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар ол тәрбиешілердің еңбегін ерекше атап өтіп, олардың кәсіби біліктілігі мен жастарды отаншылдыққа тәрбиелеудегі рөліне алғыс білдірді.

Мерекелік шара барысында ұлттық нақышта безендірілген орталық алаңында тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрсетіп, театрландырылған қойылым ұсынды. Балалардың ән айтып, би билеген көріністері ерекше әсер қалдырды.

Іс-шара аясында балаларға тосынсыйлар да жасалды. Танымал балмұздақ өндіруші «Шин-Лайн» компаниясы тәттілер таратып, компания басшысы Андрей Шин балаларды өндіріс барысымен танысуға шақырды. Сонымен қатар ол орталыққа ай сайын балмұздақ жеткізіп тұруға уәде берді.

Әкімдік тарапынан балаларға жас ерекшеліктеріне сай кітаптар сыйға тартылып, орталыққа музыкалық құрал-жабдықтар табысталды.

Кездесу барысында Марат Сұлтанғазиев балалармен подкаст форматында әңгімелесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Тәрбиеленушілердің бірі Виталий Коршев бұл күннің ерекше өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Өз кезегінде Алматы облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айгүл Есімбекова өңірдегі балалардың құқығы мен қауіпсіздігі тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Оның айтуынша, орталықта тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.

Жалпы, Наурыз мерекесі аясында өткен бұл кездесу балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың жүрегіне мейірім мен сенім ұялатты.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz