Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы Жастар саябағында өткен Наурыз мерекесіне қатысып, тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Аймақ басшысы өз сөзінде Наурыздың әр адамның жүрегіне жылулық сыйлайтын, үміт пен сенімді арттыратын ерекше мейрам екенін атап өтті. Сондай-ақ Талғар ауданы облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып отырған әлеуеті жоғары өңір екенін жеткізді.

«Наурыз – қайырымдылық пен мейірімділіктің мезгілі. Бұл күні біз тек мерекені атап өтумен шектелмей, айналамызға қамқорлық танытып, өткенге салауат айтып, болашаққа сеніммен қадам басамыз. Биыл «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шаралар ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, оны жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталған. Бұл бастамалар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға ықпал етеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өңір басшысы алдағы міндеттерге де тоқталып, ауданның инфрақұрылымын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру жұмыстары жалғасатынын айтты. Оның сөзінше, барлық бастама халық игілігіне бағытталуы тиіс.

Мерекелік шараға жиналған халықтың қарасы қалың болды. Қонақтар түрік, кәріс, беларусь, грек және ұйғыр этномәдени бірлестіктерінің көрмесін тамашалап, концерттік бағдарламаны көрді. Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылып, алтыбақан құрылып, күй күмбірі төгілді.

Іс-шара аясында облыс әкімі ауданның бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады. Атап айтқанда, «Ақ жол-М» оңалту орталығында болып, ерекше балалардың өнерін тамашалады. Сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау орталығына барып, олардың еңбегіне алғыс білдірді.

Марат Сұлтанғазиев алдағы уақытта да әлеуметтік бағыттағы жобалар әкімдік назарында болатынын атап өтті.

Осылайша Талғар төрінде өткен Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтіп, мерекелік көңіл күймен қатар әлеуметтік қолдау шараларымен де ерекшеленді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz