Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жаңбыр, қар және үсік күтіледі

Алматы облысының бірқатар аумағында ауа райы бұзылып, жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді және кей аудандарда үсік жүреді деп болжанып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026
Жаңалықтар

Синоптиктердің болжамынша, облыстың шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі.

Солтүстік-батыстан соғатын жел біртіндеп солтүстік-шығыс бағытқа ауысады. Облыстың шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар түнгі уақытта Алматы облысының солтүстігінде ауа температурасы төмендеп, 1 градус үсік күтіледі.

Облыстың шығыс бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты тұрғындарға ашық отты пайдаланғанда сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Іле Алатауында, оның ішінде Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аумақтарында да түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Мұнда солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда жылдамдық режимін сақтап, ал таулы аймақтарға баратын тұрғындарға қауіпсіздік шараларына ерекше назар аударған жөн.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңбыр, қар және үсік күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында Cobalt екі баланы қағып кетті: біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысының тауларында екі жасөспірім адасып кетті

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

МӘС-тен өту жеңілдейді: Қазақстанда электронды кезек іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында 600-ге жуық десантшы Жауынгерлік тумен қоштасты

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz