Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңартты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2026
Жаңалықтар

Құжатқа сәйкес, ұлттық комиссияның жаңартылған құрамы бекітілді. Жарлық 2026 жылғы 24 қарашадан бастап күшіне енді.

Комиссия төрағасы болып «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай бекітілді.

Комиссия төрағасының орынбасарлары – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева және кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова. Ал комиссия хатшысы болып гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы Гаухар Нұрахметова бекітілді.

Жаңартылған комиссия құрамына 30 адам енді. Олардың қатарында қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, журналистер, ғалымдар, дәрігерлер, психологтер, құқықтық және стратегиялық коммуникациялар саласындағы сарапшылар бар.

Атап айтқанда, комиссия құрамына журналист Айгүл Мүкей, қоғам қайраткерлері Ләззат Қалтаева мен Тоғжан Қожалы, отбасылық психолог Ержан Мырзабаев, «Ұлттық волонтерлік желінің» атқарушы директоры Татьяна Миронюк, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан, стратегиялық коммуникациялар саласындағы сарапшы Жанар Бекбасова және TechnoWomen ұйымының басқарма төрағасы Азиза Шөжеева енді.

Ұлттық комиссияның жаңартылған құрамында отбасылық құндылықтар, гендерлік саясат, демография, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша түрлі сала мамандары қамтылған.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
25.11.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
25.11.2026

Жаңарған Конституция – жаңарған Қазақстан

Акжаркын
25.11.2026

Жасыл Қазақстанға бірге қадам басайық

Акжаркын
25.11.2026

Тоқаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын жаңартты

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz