Бұл туралы «AIFC Diplomatic Day: Kazakhstan Diplomatic Investment Dialogue» инвестициялық диалог барысында айтылды.
Жиында Alatau City Authority бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров шетелдік дипломаттарға қаланың инвестициялық әлеуетін таныстырып, оны дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.
Қазіргі уақытта халықаралық Arup компаниясының қатысуымен Алатау қаласының 2055 жылға дейінгі ұзақмерзімді даму жоспары әзірленген. Құжатта қаланың кеңістіктік және экономикалық дамуының негізгі бағыттары айқындалған.
Атап айтқанда, іскерлік және тұрғын аудандарды қалыптастыру, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту көзделген.
Кездесу барысында Alatau City Authority басшысы дипломатиялық корпус өкілдерін шетелдік инвесторларды тартуға белсенді атсалысуға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Лондонда Alatau City жобасына 1,3 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту туралы келісімге қол қойылған болатын. Сонымен қатар Алатау қаласындағы инвесторлардың құқықтарын Конституция деңгейінде қорғау көзделіп отыр.





