«Жұлдызды алаң» (Звездная поляна) деген атпен танымал Көклайсай шатқалының жалпы аумағы 4,5 гектарды құрайды. Бұл жер табиғат аясында демалуды ұнататын тұрғындар, әсіресе қала жастары арасында кеңінен танымал.
23 қарашада шатқалда санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, 3 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды. Аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары 24 қарашада да жалғасуда.
Аталған аумақта сенбіліктердің тұрақты өткізілуіне қарамастан, демалыс орнының қайта ластану жағдайлары жиі тіркеледі.
Осыған байланысты тұрғындар мен демалушыларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, табиғат аясында тазалық сақтауға және демалыстан кейін қоқыс қалдырмауға шақырады.





