Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында бұрынғы әкімді жазадан босату туралы шешім жойылды

Алатау қаласының соты Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, «Қазселденқорғау» мекемесінің экс-басшысы Кәрім Көкірекбаевты ауыр сырқатына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Алайда Алматы облыстық соты бұл шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026
Жаңалықтар

Кәрім Көкірекбаев 2022 жылғы 27 желтоқсанда мердігер компаниядан пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Қылмыстық іс бойынша оның орынбасары Әділет Ахатаев пен «Bazis Construction INFR» ЖШС басшысы Андрей Поплавский де жауапқа тартылды.

Тергеу мәліметінше, компания басшысы Қорғас өзеніндегі қорғаныс құрылыстарына қатысты іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мемлекеттік мекеме басшыларына 396 млн теңге пара берген. Мемлекетке келтірілген шығын шамамен 2 млрд теңгеге бағаланған.

2024 жылдың жазында алқабилер соты Поплавский мен Ахатаевты кінәлі деп танып, Көкірекбаевты ақтап шығарған. Алайда кейіннен үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс қайта қарауға жіберілді.

2025 жылдың шілдесінде сот Кәрім Көкірекбаевты 12 жылға, ал Әділет Ахатаев пен Андрей Поплавскийді 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматы облысының прокуратурасы Алатау қалалық сотының Көкірекбаевты денсаулығына байланысты жазасын одан әрі өтеуден босату туралы өтінішін қанағаттандырғанын растады.

Алайда прокуратура аталған шешіммен келіспей, наразылық келтірген. Нәтижесінде Алматы облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дауылды ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы облысында бұрынғы әкімді жазадан босату туралы шешім жойылды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Алматы облысында 6,4 шақырым веложол салынады

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

«Әділет» партиясы Алматы облысының өнеркәсібін дамыту жөніндегі жоспарларын таныстырды

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
24.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz