Жаңа автокөліктердің ішінде 62 дана JAC T6 және 9 дана ГАЗ 231073 бар. Арнайы техниканың кілттері өңірдегі ауылдық округтерде еңбек етіп жүрген ветеринария мамандарына салтанатты түрде тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін биыл ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік берілген болатын. Соңғы жеткізілімдерді қоса алғанда, Алматы облысындағы ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға жаңартылды.
Жаңа көліктер ветеринария қызметінің жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.
2025 жылы Алматы облысында ветеринария саласын дамытуға және оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше назар аударылып отыр. Бұл қабылданып жатқан шаралар өңірдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына оң ықпал етеді.




