Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында әлеуметтік сала ұйымдары «ЕЦП» бірыңғай цифрлық платформасына көшіріліп жатыр

Алматы облысында мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар ұйымдарды «ЕЦП» бірыңғай цифрлық платформасына көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты өңірде арнайы жиын өтіп, оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Фарида Сағындыққызы қатысып, облыстық басқармалар басшыларымен бірге платформаны енгізу барысын талқылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.12.2025
Жаңалықтар

Кездесу барысында облыстық басқарма басшылары «ЕЦП» платформасына қосылу үдерісіне қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, жүйені өңірлік деңгейде тиімді іске асыру тетіктерін ортаға салды.

Фарида Сағындыққызы өз сөзінде аталған платформаны енгізу Мемлекет басшысы мен Премьер-министрдің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқанын атап өтті.

«ЕЦП» платформасына көшу арқылы білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және әлеуметтік саладағы барлық мемлекеттік қолдау шаралары ашық әрі тиімді бақылауға алынады. Платформаға өту үшін ұйымдар бизнес-процестерін жүйелеп, штаттық кестелерін бекітіп, қызмет алушылар туралы нақты деректерді енгізуі, сондай-ақ материалдық-техникалық базасын көрсетуі қажет. Осы талаптар толық орындалған жағдайда ашық әрі тиімді басқару жүйесі қалыптасады», – деді министр кеңесшісі.

Қазіргі уақытта Талғар ауданында және Қаскелең қаласында бірқатар ұйым «ЕЦП» платформасына көшу жұмыстарын пилоттық режимде бастап кетті.

Ресми деректерге сәйкес, бүгінде Алматы облысы бойынша 596 ұйым платформаға тіркеліп, бес саланы қамтып отыр. Олардың басым бөлігі білім беру ұйымдарына тиесілі. Атап айтқанда, мектептер, арнайы білім беру ұйымдары, мектеп-интернаттар мен реабилитациялық орталықтар жүйеге қосылған.

Сонымен қатар, 119 ұйым штаттық кестелерін толық енгізіп, келісімшарттарын тіркеп, кадрлық тағайындау жұмыстарын аяқтаған. Алдағы кезеңде бұл ұйымдар толықтай бірыңғай цифрлық платформаға көшіріледі.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz