Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

Қорлан Нұрланқызы
02.12.2024
Аймақ, Алматы облысы

2024 жылғы 2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен бірге, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

Ескерткіштің ашылу рәсімі өнер мектебінің алаңында өтті. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен Заманбек Нұрқаділовтің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев жүргізді. Ал бюсттің ашылу рәсімін қайраткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов орындады.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде Заманбек Нұрқаділовтің ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті:

«Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің көрінісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз».

Ескерткіш биіктігі 4,5 метрді құрайды. Ашылу салтанатынан кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы жазылған «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.

Кеген ауылындағы балалар өнер мектебі 2015 жылы құрылған. Мектеп домбыра, қобыз, баян, дәстүрлі ән, эстрада-вокал, хореография, бейнелеу өнері, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер бойынша білім береді.

Бүгінгі таңда мектепте 44 педагог 890 оқушыны өнерге баулып келеді. Мектептің бөлімшелері аудандағы 12 елді мекенде орналасқан, бұл ауылдық балалардың да өнер саласында білім алуына мүмкіндік береді.

Жетістіктері:

  • Халықаралық байқауларда – 38 жүлделі орын;
  • Республикалық деңгейде – 176 орын;
  • Облыстық жарыстарда – 158 орын;
  • Аудандық сайыстарда – 82 орын.

Мектептің дамуы мен жетістіктері Кеген өңіріндегі мәдениет пен өнерді насихаттауға елеулі үлес қосып келеді. Жаңа есім берілуі өнер мектебінің тарихында ерекше белес болмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы өтті

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Боралдайда құрылысқа қажетті металл құбырлар шығарылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Қараойда жаңа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр: ауыл қауіпсіздігі қалай күшейеді?

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Алматы облысында 61 саяжай кооперативі ауыл шекарасына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

Байсеркеде газдандыру мен жаңа аллея салу мәселесі көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
16.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz