Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Антикор Astana LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Astana LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2024
Жаңалықтар
«Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдер күдікті Т. Ардан әрекеттерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады», — делінген хабарда.

Күдікті Талғат Ардан Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаған.

«Жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Т. Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келу қажет», — дейді Антикор өкілдері.

Айта кетейік, Талғат Ардан мен басқа да тұлғалар 2023 жылдың шілдесінде LRT ісі бойынша 7 жылға сотталған еді.

Тегтер: антикор

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Диана Ахметова
24.08.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Диана Ахметова
24.08.2026

Құрылтай сайлауы: СОЦИС-А экзитпол нәтижелерін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz