Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Энергетикалық сусын ішкен 12 жасар бала өлім аузынан қалды

Ресейде жасөспірім екі құты энергетикалық сусын ішіп инсульт алардағы күйге түскен, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.08.2024
Әлем, Жаңалықтар

Оқиға Свердлов облысында болған. Реж орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері баланы аман алып қалды.

«Бірнеше түн бойы бала ұйықтай алмады, содан кейін қатты бас ауыра бастады, беті қисайып,  денесінің жартысы ұйып қалды. Дәрігерлер баланың инсультке дейінгі жағдайда екенін анықтады. Науқас бір күн бұрын екі банка энергетикалық сусын ішкенін айтты», — делінген Свердлов облысының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-каналында жарияланған хабарламасында.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазір бала үйіне оралған.

Реж Орталық аудандық аурухананың кардиологы Олеся Кучина энергетикалық сусындардағы кофеин қан қысымының жоғарылауын тудыратынын, миокард ишемиясы мен жүрек жеткіліксіздігінің қаупін арттыратынын атап өтті.

«Жүрек ритмінің бұзылуы ықтималдығы жоғары, бұл өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Мен балалар мен жасөспірімдерге энергетикалық сусын тұтынуға болмайтынын ескертемін», — деді ол.

Айта кетейік, осы жазда Қазақстанда жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу туралы шешім қабылданды. Тиісті заңға шілде айының басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сонымен қатар, заң өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау мақсатында 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды көздейді. Ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 60 (алпыс) күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Фото: pravmir.ru
Тегтер: Басты жаңалықтарЭнергетикалық сусын

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz