Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Жайылымдар жетіспеушілігі: Марат Сұлтанғазиев әкімдердің жүйесіз жұмысына сын айтты

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев облыстық мәжіліс отырысында жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесін көтерді.

27.01.2023
Сұхбат

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар жайылымдардың қолжетімділігін арттыру жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып отырған жоқ.

«Облыста жайылымдардың жетіспеуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар жайылымдардың қолжетімділігін арттыру үшін өңір бойынша 332,3 мың га жер аумағын бекітті.  Балқаш – 62,3 мың га, Жамбыл – 13,0 мың га, Еңбекшіқазақ – 123,3 мың га, Іле – 4,5 мың га, Қарасай – 4,3 мың га, Кеген – 54,7 мың га, Райымбек – 20,6 мың га, Талғар – 0,1 мың га, Ұйғыр аудандары – 49,7 мың га және Қонаев қаласы – 0,7 мың га. Бұл жұмыстарды Талғар, Қарасай, Іле аудандары мен Қонаев қаласының әкімдіктері төменгі деңгейде атқарған», – дейді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев аудандар және Қонаев қаласы әкімдіктері пайдаланылмай жатқан 69,9 мың га алқаптан азаматтардың ерікті түрде бас тартуын қамтамасыз етіп, оны халықтың мұқтаждығына жарату үшін бекітіп берілгенін айтады. (Балқаш ауданында – 4,3 мың га, Еңбекшіқазақ ауданында – 15,2 мың га, Іле ауданында – 1,7 мың га, Жамбыл ауданында – 4,6 мың га, Қарасай ауданында – 1,7 мың га, Кеген ауданында – 16,9 мың га, Райымбек ауданында – 12,1 мың га, Талғар ауданында – 0,1 мың га, Ұйғыр ауданы – 7,8 мың га, Қонаев қаласы – 4,5 мың га). Алайда, бекітілген жерлерді Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының әкімдіктері лайықты игермеген.

Фото: Аслан Қажеке

Айта кетейік, облыс бойынша пайдаланылмай жатқан 268 субъектінің 217,9 мың га жайылым жерлері уақытша жер пайдалануға, яғни жалға берілген. Соның 42-cі (Балқаш ауданы – 1, Еңбекшіқазақ ауданы – 12, Қарасай ауданы – 27, Кеген ауданы – 1, Райымбек ауданы – 1) бойынша ғана жалға беру шартын бұзу туралы сотқа талап арыздар жолдаған.

«Жамбыл, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандары және Қонаев қаласы әкімдіктерімен сотқа талап арыздар беру жөнінде жұмыстар мүлде жасалмаған. Осы орайда, аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктеріне аталған жұмыстарды бір жүйеге келтіріп тұрақты атқарылуын ұйымдастыруды тапсырамын», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Алматы облысыжайылым жерҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының делегациясы Гонконгтегі халықаралық медицина көрмесіне қатысуда

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Қонаевта қоқыс тастағандарға миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Алматы облысында жаңғыртылған перинаталдық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Қонаевта екі аптаға ыстық су өшіріледі

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Иран АҚШ-ты Гаагадағы трибуналға берді

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz