Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Еліміздің «Үздік ауыл әкімдері» анықталды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

27.12.2022
Сұхбат

Салтанатты шара барысында агенттік төрағасы үздік ауыл әкімдерін өз қызметінде халықтың сұранысына сай ашық, адал болуының маңыздылығын айтты. Және ол аталған байқаудың ауылдарды дамытуға оң септігін тигізетініне сенім білдірді.

Конкурс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылдық округінің әкімі Нұрбақыт Нұрсейтов «Үздік ауыл әкімі» атағын иеленді.

2-орынға Павлодар облысы Успен ауданы Новопокровск ауылдық округінің әкімі Вячеслав Симоненко, 3-орынға Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Әбшанов табан тіреді.

Номинация бойынша жеңімпаз атанғандар тізімі келесідей:

  • «Үздік шаруашыл әкім» — ШҚО, Ұлан ауданы Аблакет ауылдық округінің әкімі Арыслан Агланбеков;
  • «Үздік ашық әкім» — Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылдық округінің әкімі Зәуре Мұханалиева;
  • «Үздік әлеуметтік жоба» — СҚО, Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Гүлмира Добромирова.

Байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық ауылдық округінің әкімдері өтінім берді. Байқау өңірлік және республикалық кезеңдер бойынша өткізілді.

Өңірлік кезеңде әкімдер елді мекендердегі халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғады. Екінші кезеңде ауыл әкімдерінің кез келген мәселе туындаған кезде қалай әрекет ететініне, проблеманы шешу қабілетіне баға берілді.

Тегтер: Үздік ауыл әкімдері

Соңғы жаңалықтар

Ердоған Тоқаевты cәуірде өтетін Дипломатиялық форумға шақырды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Қазақстанда 25 наурызда ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Заңсыз онлайн-казино ісі: қазақстандық блогерге іздеу жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Алматы облысында қар құрсауында қалған отбасы табылды

Қорлан Нұрланқызы
24.03.2026

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz