Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Көлсайда Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек жануар – Тянь-Шань қоңыр аюы бейнекамераға түсіп қалды. Бұл туралы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026
Жаңалықтар

Ұлттық парк мамандары аумақты зерттеу барысында табиғатта сирек кездесетін Тянь-Шань қоңыр аюын (Ursus arctos isabellinus) бейнетаспаға түсіріп алған.

«Асқақ таулар, қалың ормандар мен жабайы табиғаттың жетуі қиын мекендері… Көлсай тағы да ерекше кадрларымен қуантты. Аумақты зерттеу барысында ұлттық парк мамандары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Тянь-Шань қоңыр аюын таспаға түсіріп алды», – делінген комитет хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, Тянь-Шань қоңыр аюы – Көлсай өңірінің табиғи байлығын айшықтайтын сирек жануарлардың бірі. Оның табиғи мекенінде тіркелуі өңірдегі биоалуантүрлілікті бақылау және жабайы жануарлар дүниесін зерттеу үшін маңызды.

«Оның табиғи мекен ету ортасында тіркелуі биоалуантүрлілікті бақылау үшін маңызды. Біз үшін бұл – ерекше кездесу. Ал аю үшін туған тауларындағы қалыпты тіршілік», – деді комитет өкілдері.

Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркі еліміздің көрікті туристік аймақтарының бірі ғана емес, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің табиғи мекені саналады.

Ұлттық парк аумағындағы тау ормандары мен адам аяғы сирек жететін табиғи аймақтар жабайы жануарлардың тіршілігі үшін маңызды орта болып табылады.

Мұндай сирек кадрлар өңірдің табиғи байлығын тағы бір мәрте танытып қана қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтаудың маңызын көрсетеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарКөлсай

Соңғы жаңалықтар

Көлсайда Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласына білікті мамандарды тарту үшін қандай жағдай жасалады?

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласының виртуалды көшірмесі жасалмақ

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Мемлекеттік органдар азаматтардың өтінішіне қалай жауап беруі тиіс? Сарапшы түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz