Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алатау қаласының виртуалды көшірмесі жасалмақ

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев депутаттық сауалға берген жауабында Алатау қаласын цифрландыру жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026
Жаңалықтар

Оның айтуынша, қаланың цифрлық моделі қазіргі елді мекендерді қоса алғанда, бүкіл әкімшілік аумақты қамтиды.

«Қалалық цифрлық сервистер тең қолжетімділік, бірыңғай кіру нүктесі, цифрлық инклюзия және электронды үкіметтің ұлттық инфрақұрылымымен интеграциялай отырып, кезең-кезеңімен енгізу қағидаттары негізінде дамытылады. Цифрлық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін мобильді және тіркелген телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде антенна-діңгек құрылыстары мен талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу көзделген», – делінген вице-премьердің жауабында.

Сондай-ақ оның сөзінше, қала құрамындағы барлық елді мекенде, ең алдымен әлеуметтік нысандарда байланыспен қамту деңгейі мен кеңжолақты интернеттің қолжетімділігі бағаланады.

«Бұдан бөлек, құрылыс, инженерлік желілер, әлеуметтік нысандар мен абаттандыру туралы деректерді біріктіретін қаланың цифрлық егізін жасау жоспарланған. Қалалық инфрақұрылымды ортақ басқару жүйесіне біріктіру үшін заттар интернетінің (IoT) және жүйелердің өзара үйлесімділігінің бірыңғай стандарттарын енгізу де көзделген», – деп қосты Бозымбаев.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласына білікті мамандарды тарту үшін қандай жағдай жасалады?

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласының виртуалды көшірмесі жасалмақ

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Мемлекеттік органдар азаматтардың өтінішіне қалай жауап беруі тиіс? Сарапшы түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – қауіпсіз қоғамның кепілі

Акжаркын
15.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz