Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігінің айбыны

Мөлдір Иманмади
16.09.2026
Мақала

Талғар ауданында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібінтүсіндіруге бағытталған кездесулер өтті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын нышаны, ұлттық бірегейлігіміздің маңызды белгісі. Көк Туымыз, Елтаңбамызбен Әнұранымыз – халқымыздың тарихын, арман-мұратын және мемлекетіміздің құндылықтарын бейнелейтін қасиеттірәміздер.

Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Талғар ауданы ішкі сяасат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс аясында ауданның бірқатар білім беру ұйымдарында«Мемлекеттік рәміздер – біздің егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі» тақырыбында кездесулер ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, кездесулер №4 гимназияда, №9, №1, №7, №49 және №6 мектептерінде өткізілді. Іс-шараларғаҚазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Отыншиев Дамир Болатұлы қатысып, білім алушылар мен педагогтарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану тәртібі бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер барысында Мемлекеттік Туды пайдалану жәнеорналастыру, Мемлекеттік Елтаңбаны қолдану талаптары, сондай-ақ Мемлекеттік Әнұранды орындау тәртібі жөнінденақты ақпарат берілді. Қатысушыларға мемлекеттікрәміздерді пайдалану кезінде сақталуы тиіс талаптартүсіндіріліп, оларды құрметтеу әрбір азаматтың елге деген құрметінің ажырамас бөлігі екені атап өтілді.

Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдаланбаунемесе белгіленген талаптарды бұзу жағдайларында қарастырылатын жауапкершілік мәселелеріне де назар aударылды. Мұндай түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруда маңызды рөлатқарады.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырғансұрақтарын қойып, мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты қажетті ақпараттармен толықты.

Мемлекеттік рәміздер – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін айшықтайтын ерекше құндылық. КөкТуымыздың көкке көтеріліп, Елтаңбамыздың елдігіміздітанытып, Әнұранымыздың асқақ үнмен шырқалуы – әрбірқазақстандық үшін зор мақтаныш.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, Отанды жәнеоның тәуелсіздігін құрметтеу. Сондықтан рәміздергедеген құрметті қалыптастыру және олардың қолданылутәртібін сақтау – баршаға ортақ азаматтық міндет.

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival: креативті индустрияға жаңа серпін

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жаңа Конституция: Алматы облысында жергілікті басқару мен тұрғындардың құқықтары қалай реттеледі?

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жамбыл Жабаевтың мерейтойынан кейін 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында халықаралық бәйге жеңімпаздарына үш автокөлік табысталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында тұрғын үйге бөлінген 101,4 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz