Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында көптеген ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл туралы Қонаев қаласында өткен баспсөз туры барысында белгілі болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
03.03.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қонаев қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, биыл 42 ауқымды инвестжоба жүзеге асады.

«Былтыр негізгі капиталға 103,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қазіргі таңда Қонаевтың инвестициялық портфелінде 42 жоба бар. Бүгінде 4 ауқымды жобаның құрылысы жүріп жатыр. Олар: мейрамхана кешені, «Оспанова Девелопмент» компаниясының балық зауыты, «ASP Arena» және жеміс-жидектерді өңдеу зауыты», – деді бөлім басшысы Қайрат Умаров.

 

 

 

«Оспанова Девелопмент» ЖШС-ға тиесілі балық зауыты құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Мұнда жылына 10 000 тонна баррамунди балығы өсіріледі. Жобаның жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайды.

Зауыт 35 гектар жерді алып жатыр. Құрылысы 2021 жылы басталған. 2023 жылдың қазан айында балық шабақтары алғаш рет суға жіберілді. Кешенге технологиялық, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық блоктар кіреді. Мұнда балықты орналастыруға арналған бассейндер, сүзгі қондырғылары, инкубациялық резервуарлар, артемия мен коловраттар бар. Өнімді өткізудің негізгі нарықтары ҚР мен ТМД елдері болады деп күтілуде.

Ал «ASP Arena» (бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізуге арналған туристік-спорттық ойын-сауық кешені)
ел ішінде танымал болып үлгерді. Мұнда бұған дейін 10-нан астам елден мыңдаған көрерменді жинаған Рок фестиваль, жазғы және қысқы дрифт шоу өтті. Қысқы дрифт шоудың алғашқы шарасы аяқталған соң, ауданы Медеуден де үлкен мұз айдыны халыққа қызмет етіп келеді. Жақында тағы да дрифт шоулар ұйымдастырылады. Тиімділігі сонда — кез келген демалыс түрінің бағасы тұрғындарға қолжетімді.

Кешеннің аумағы – 64 гектар, жобаның аяқталу уақыты – 2025 жыл. Инвестиция сомасы 8,1 млрд. теңгені құрайды. Жоба толық қолданысқа берілгенде 482 жұмыс орны ашылады. Кешеннің аумағында – қонақ үй, 500 орындық мейрамхана, 1000 шатырға арналған кемпинг алаңы, 3600 орындық трибуна және ауданы 15,4 мың шаршы метр болатын түрлі іс-шараларды өткізуге арналған арена, автожүргізушілерге арналған академия, бассейн қарастырылған. Сондай-ақ 2000 орындық тұрақ бар. Нысан мынадай қызметтерді көрсетеді: кәсіби автоұшқыштарды аттестаттау, спорттық автомобильдерді, квадроциклдерді жалға алу, картинг.

Бұдан бөлек, Қайрат Умаров 10 жобаның сметалық құжаттары әзірленіп жатқанын атап өтті. Ал қаладағы кейбір кәсіпорындар жаңғыртылып, үлкейеді деген жоспар бар. Мысалы, жүгері таяқшаларын өндіретін «АЯМ» ЖШС кәсіпорнын кеңейтіп, қытырлақ нан шығаратын зауыт салып жатыр. Жобаның құны – 400 млн. теңге.

«Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС да кәсіпорнын кеңейтуде. Жоба аясында элеваторды күрделі жөндеу, астық тиеу жүйесін салу, инженерлік желілерді ауыстыру, құрама жем зауытын және қойма салу жоспарланған.

Тегтер: «ASP Arena»«Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС«Оспанова Девелопмент» ЖШСалматы облысының жаңалықтарыБасты жаңалықтаринвестжоба

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz