Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жетісу» ӘКК жалған инвестициялық жобаларды іске асырған – Антикор

Бұл туралы Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

29.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Жобаларға 8 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған, бірақ іс жүзінде 7 жоба ғана іске асқан, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Аталған инвестициялық жобалар сервистік-дайындау орталықтарын құру арқылы тек ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жер учаскелерін бөлген.

«Корпорация іс жүзінде кәсіпкерлік субъектілеріне жүйелі негізде қаржылай көмек бөлетін «қаржы ұйымына» айналған.

“Мәселен, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 4 жыл бойы «Ақсу кант» ЖШС-не, сондай-ақ өзге де кәсіпкерлерге 3 млрд. теңгеден астам сомада пайызсыз қаржылық көмек көрсеткен”, – делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ «Жетісу» ӘКК активтерінде ұзақ жылдар бойы жарғылық құжатқа сай келмейтін және инвестициялық жобаларды іске асыру саясатына тікелей қайшы келетін көп пәтерлі тұрғын үй кешені құрылысына бөлінген жер учаскелері болған.

«Жер учаскелерін бөлу кезінде басқа субъектілерге жол берілмеген. Осылайша, конкурстан тыс негізде жер учаскелерін алу рәсімі ӘКК-ге аталған жер учаскелерін «жалған инвестжобаларды» іске асыруға мүмкіндік берді», – деп мәлімдеді облыстық Антикордың баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, биыл Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет «Жетісу» ӘКК қызметіне сыртқы талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде құқық қорғау органы басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев 27 қауіп анықтағанын баяндады.

Тегтер: жемқорлық

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбай стенд атудан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Қонаевтағы академқалашықтың құрылысы қашан басталады?

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Алматы облысында дәрігерлер 32 магнит жұтып қойған екі балаға сәтті ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Жаңа Конституция: Алматы облысында ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімге басымдық беріледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz