Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевтағы академқалашықтың құрылысы қашан басталады?

Қонаев қаласында 30 мың студентке арналған академиялық қалашық салу жобасы әлі күнге дейін дайындық кезеңінде тұр. 2022 жылы көтерілген бастаманың тұжырымдамасы бекітіліп, жер телімі бөлінгенімен, құрылыс жұмыстары басталған жоқ. Жобаны жүзеге асырудағы негізгі меже ретінде 2029 жыл белгіленген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026
Жаңалықтар

Академиялық қалашықты Қонаев қаласының «Жаңа Іле» аумағында салу жоспарланып отыр. Бастапқыда білім беру кешеніне 97 гектар жер қарастырылған. Кейін жобаның жалпы аумағы 250 гектарға дейін ұлғайтылып, оның 150 гектарын академиялық кампусқа бөлу көзделген.

Жоба аясында жаңа университет ашу, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын орналастыру, ғылыми-зерттеу және инновациялық орталықтар құру жоспарланған. Сондай-ақ студенттерге арналған жатақханалар, кітапхана, спорт кешендері мен оқытушыларға арналған тұрғын үйлер салу қарастырылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, академиялық қалашықтың тұжырымдамасы бекітіліп, жоба Қонаев қаласының бас жоспарына енгізілген. Өңір экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес мамандар даярлаудың басым бағыттары да айқындалған.

Дегенмен құрылысқа кірісу үшін алдымен аумақты қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек. Қазіргі уақытта инвесторлар тарту және жоғары оқу орындарымен серіктестік орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша, академиялық қалашық жобасына отандық және шетелдік университеттер қызығушылық танытқан. Бірқатар жоғары оқу орнымен алдын ала келіссөздер жүргізілгенімен, әзірге нақты келісімдер жасалмаған.

Жобаны жүзеге асырудағы негізгі бағдар – 2029 жыл. Алайда құрылыс жұмыстарының басталу мерзімі мен алғашқы оқу ғимараттарының қашан пайдалануға берілетіні әлі нақтыланбаған.

Сонымен қатар Қонаевта аумағы шамамен 100 гектар болатын медициналық кампус салу мәселесі де қарастырылып жатыр. Бұл жоба да әзірге дайындық кезеңінде.

Осылайша, Қонаевты ірі білім және ғылым орталығына айналдыруды көздейтін ауқымды бастамалардың жүзеге асуы алдағы уақытта инфрақұрылым мәселелерінің шешілуіне, инвесторлар мен серіктес университеттердің тартылуына байланысты болмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбай стенд атудан әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Қонаевтағы академқалашықтың құрылысы қашан басталады?

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Алматы облысында дәрігерлер 32 магнит жұтып қойған екі балаға сәтті ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
07.11.2026

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz