3 қыркүйекте ұйымдастырылған жәрмеңкеге Алматы облысының Жастар ресурстық орталығы, Қонаев қаласының Мансап орталығы және бірқатар мемлекеттік әрі әлеуметтік мекеме қатысты.
Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, мамандардан еңбек нарығы, жұмысқа орналасу және мансаптық мүмкіндіктер бойынша кеңес алды.
Нәтижесінде 15 жас жұмысқа орналастырылып, 50 азаматқа кеңес берілді. Сонымен қатар 20 азаматтың түйіндемесі кадрлық резервке енгізілді. Бұл оларға алдағы уақытта лайықты бос жұмыс орны пайда болған жағдайда жұмысқа орналасуға қосымша мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні тікелей байланыстырып, азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жол ашады.
Қонаев қаласында тұрғындарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.





