Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Алматы облысында салық түсімі бойынша көш бастап тұрған 10 ірі кәсіпорын 2026 жылдың тоғыз айында бюджетке 395,34 млрд теңге аударды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026
Жаңалықтар

Өңір экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған бұл компанияларда 6 871 адам еңбек етеді. Олардың 90 пайызы жергілікті тұрғындар.

Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, ең ірі салық төлеушілер қатарында темекі, сусын, азық-түлік және құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар бар. Салық түсімі бойынша көш басында Іле ауданында орналасқан Philip Morris Kazakhstan компаниясы тұр. Кәсіпорын биыл қаңтар-қыркүйек аралығында бюджетке 163,04 млрд теңге аударған. Екінші орында 129,95 млрд теңге салық төлеген JTI Kazakhstan компаниясы орналасқан.

Үздік үштікті Қарасай ауданындағы Coca-Cola Almaty Bottlers кәсіпорны түйіндейді. Сусын өндіретін компания тоғыз айда бюджетке 62,31 млрд теңге түсірген.

Төртінші орында Іле ауданының Байсерке ауылында орналасқан Galanz Bottlers компаниясы тұр. Кәсіпорынның салық төлемі 20,12 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы 10,5 млрд теңгемен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Бесінші орынға сусындар мен азық-түлік өнімдерін өндіретін RG Brands Kazakhstan компаниясы жайғасқан. Кәсіпорын бюджетке 7,48 млрд теңге салық аударды.

Алатау қаласындағы құрылыс материалдарын өндіретін Knauf Gypsum Kapchagai зауыты 3,14 млрд теңге салық төлеп, алтыншы орынға тұрақтады. Одан кейінгі орында тез дайындалатын тағам өнімдерін шығаратын «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы тұр. Оның бюджетке аударған салығы 3,1 млрд теңге. Сондай-ақ ірі салық төлеушілер қатарында Еңбекшіқазақ ауданындағы FoodMaster компаниясы бар. Сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын тоғыз айда 2,4 млрд теңге салық төлеген.

Ал Іле ауданындағы балмұздақ өндіретін «Шин-Лайн» және теміржол инфрақұрылымына қажетті өнімдер шығаратын «БЕНТ» кәсіпорындарының әрқайсысы бюджетке 1,9 млрд теңгеден аударған. Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбол Рақымбаевтың айтуынша, ірі өндіріс орындары өңірдің экономикалық өсіміне ықпал етіп қана қоймай, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқарады.

«Ірі кәсіпорындар өңір бюджетіне қомақты салық түсіріп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан кәсіпорындардың өндірісті дамытуы және өнімдерін шетелге сатуы облыс экономикасы үшін маңызды. Мәселен, былтыр осы ТОП-10 кәсіпорын жалпы құны 1 148,504 млрд теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 453,06 млрд теңге салық төледі. Олардың өнімдері Қазақстан нарығымен қатар шетелге де жеткізіледі. Атап айтқанда, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдерге экспортталады», – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Алматы облысы 2026 жылы мемлекеттік бюджетке 1,5 трлн теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіруді жоспарлап отыр. Бұл – өңір тарихындағы ең жоғары жоспарлы көрсеткіш.

2025 жылы облыстан бюджетке алғаш рет 1,1 трлн теңгеден астам қаражат түскен. Оның 490,5 млрд теңгесі республикалық, ал 628,6 млрд теңгесі жергілікті бюджетке бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz