Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті артып, жаңа өндіріс орындары мен ірі инфрақұрылымдық нысандарды іске асыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы қала экономикасына негізгі капиталға 115,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Ал биылғы жылдың алғашқы 9 айында бұл көрсеткіш 70,2 млрд теңгені құрап, инвестицияның нақты көлем индексі 160,7%-ға жетті.Бұл туралы Алатау қаласының әкімі Әркен Өтенов, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026
Жаңалықтар

Қала әкімінің айтуынша, қазірде Алатаудың инвестициялық пулында 60-тан астам жоба бар. Олардың қатарында өндіріс, логистика, сауда, қызмет көрсету және жаңа технологиялар салаларын қамтитын ауқымды бастамалар бар. Атап айтқанда, инвестициялық құны 50 млрд теңгеден асатын бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында PepsiCo компаниясының тұзды тағамдар өндіретін зауыты, «Гриффин Логопарк» А сыныбындағы логистикалық кешені, G-Trans Service индустриялық-логистикалық хабы, Mars компаниясының үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыты бар.

«Urban Air Mobility қалалық әуе мобильдігін дамыту, «Жетіген» сауда-логистикалық орталығын салу және K-PARK мәдени-іскерлік орталығы мен тақырыптық паркін құру жобалары да қолға алынған»,-дейді Алатау қаласының әкімі Әркен Өтенов.

Аталған инвестициялық бастамалар қаланың экономикалық құрылымын әртараптандыруға, өндірістік және логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.

Жобалар толық іске қосылған кезде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бұл қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына, жаңа кәсіптік мүмкіндіктердің қалыптасуына және Алатаудың ірі инвестициялық әрі экономикалық орталық ретінде дамуына ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz