Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбыл ауданында ветеринариялық нысандардың құрылысы тексерілді

Алматы облысының Жамбыл ауданында салынып жатқан ветеринариялық нысандардың құрылыс барысы тексерілді. Облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы жұмыс сапары барысында бірнеше ауылдық округтегі модульдік ветеринариялық пункттер мен мал қорымдарының жағдайымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026
Жаңалықтар

Алдымен ауылдық округтерде салынып жатқан модульдік ветеринариялық пункттердегі жұмыстар қаралды. Негізгі назар құрылыс сапасына, нысандардың белгіленген талаптарға сәйкестігі мен жұмыстың аяқталу мерзіміне аударылды.

Тексеру барысында бірқатар кемшілік анықталып, мердігер ұйымдарға ескерту жасалды. Жауапты сала басшыларына олқылықтарды қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырма берілді.

Сонымен қатар ветеринариялық пункттердің тек құрылыс талаптарына сай болуы жеткіліксіз екені, мұнда мамандардың күнделікті жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасалуы керектігі айтылды.

Жұмыс сапары бірнеше ауылдық округте салынып жатқан мал қорымдарын тексерумен жалғасты. Бұл нысандарда санитариялық-ветеринариялық талаптардың сақталуы, аумақтың қоршалуы, кіреберіс жолдардың жағдайы және қауіпсіздік шаралары қаралды.

Жауапты мамандар мен мердігерлерге құрылыс сапасын тұрақты бақылауда ұстап, нысандарды белгіленген мерзімде толық әрі талапқа сай аяқтау міндеті қойылды.

Ветеринариялық инфрақұрылымды жаңарту аудандағы эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Жаңа пункттер ветеринар мамандардың жұмысын жүйелеуге мүмкіндік берсе, талапқа сай салынған мал қорымдары биологиялық қалдықтарды қауіпсіз орналастыруға және жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz