Талғат Байеділов 1972 жылы 16 маусымда Алматы облысының Кеген ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы колхоз жұмысшысы болып бастаған. Кейін қаржы-экономика саласында, «Қазпошта» АҚ жүйесінде және жергілікті атқарушы органдарда түрлі қызмет атқарды.
2008–2010 жылдары Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі, 2010–2011 жылдары Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2011–2018 жылдары Райымбек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2018–2023 жылдары Кеген ауданын басқарды. 2023 жылы Алматы облыстық мәслихатының хатшысы, кейін мәслихат төрағасы қызметін атқарған.
2024 жылдың наурыз айынан бастап Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінде болды.
Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.





