Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Үкімет Каспий теңізін кешенді зерттеу және сақтау жұмыстарына 1,1 миллиард теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026
Жаңалықтар

Мәліметке сәйкес, қаржы Мемлекет басшысының Каспийді кешенді зерделеу, теңіздің экологиялық тұрақтылығын сақтау және өңірдегі ғылыми зерттеулерді күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бөлінген. Қаражат Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға бағытталмақ.

Үкімет хабарламасында қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Атап айтқанда, теңізде мониторинг жүргізуге арналған негізгі жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды заманауи құралдармен жабдықтау жоспарланып отыр. Бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы табиғи процестер бойынша ғылыми негізделген дерекқор қалыптастыруға жол ашады.

Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу институты халықаралық ғылыми қауымдастықпен байланысын нығайтып, Каспий маңы елдерінің университеттері мен зерттеу орталықтары қауымдастығына кірген. Мамандар тиімді экологиялық шешімдер әзірлеу үшін бірлескен зерттеулер жүргізіп жатыр.

Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Ал Қаржы министрлігіне бөлінген бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына қатаң бақылау жүргізу міндеттелген.

Тегтер: Қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ірі есірткі айналымы әшкереленді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Қаскелеңде жасөспірім қыздар төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Алматы облысында алма шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілді

Қорлан Нұрланқызы
15.04.2026

Кеген ауданында бір күнде 3 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz