Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық қор қаржысы салынған ірі инфрақұрылымдық, әлеуметтік және коммуналдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінуде. Тек биылдың өзіне қаралған 1,5 трлн теңге қаржының шамамен 60–70%-ы денсаулық сақтау саласына бағытталған.

Жұмыс сапары кезінде Үкімет басшысының бірінші орынбасарына Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспары таныстырылды. Жоспарда терминал және ұшу-қону инфрақұрылымын жаңғырту, жаңа рульдеу жолағын, жүк перронын салу және сервистік нысандарды дамыту көзделген.

Мамыр айындағы сапарында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Алматы қаласының әкімімен бірге әуежайдағы жұмыс сапасын, оның талаптарға сай келмейтін кемшін тұстарын сынға алып, мердігер мекемеге нақты міндеттер жүктеген болатын. Осы жолы сол кезде берілген тапсырмалардың орындалу деңгейіне баса назар аударылды.

Одан кейін 8 шақырымдық Р-17 «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» автожолының төрт жолаққа дейін кеңейтілуі жоспарланған аумақты, «Алматы – Бішкек» автожолының 7 шақырымын қайта жаңғырту жобасын қарап шықты. Мұнда жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіліп, екі жолайырық және тоғыз жерүсті жүргінші өткелі салынады. Жоба Алматы мен қала маңындағы негізгі бағыттардың бірінің көлік қозғалысын жеңілдетіп, жол инфрақұрылымының мүмкіндігін кеңейтеді.

Келесі нысан – Қалқаман шағын ауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухана. Ол жаңартудан кейін 900 орындық болады. Жоба аурухана корпустары мен инженерлік жүйелерін жаңартуды, құрылымдарды күшейтуді және заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қамтиды.

Нұрлыбек Нәлібаев республикалық бюджет қаражаты мен алдағы жылға жоспарланған қаржыландыруды ескере отырып, қала денсаулық сақтау саласына 196 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы қаражаттың 60–70%-ын дәл осы денсаулық сақтау нысандарын салуға бөлуді тапсырды, өйткені халыққа бірінші кезекте заманауи медициналық инфрақұрылым қажет. Енді осы қаражатты игеріп, барлық жұмысты дер кезінде аяқтап, нысандарды халық игілігіне беру керек. Бұл – Үкімет басшысының да бақылауындағы аса маңызды жобалар», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Сапар барысында Саин көшесін Алматы қаласының шекарасынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жобасы да қаралды. Жаңа аумақтың ұзындығы 6,6 шақырым, жоба бойынша жол, инженерлік коммуникациялар және теміржол үстінен өтетін жол өткелі салынады. Бұл қаланың Қарасай ауданымен және ҮАААЖ арқылы көлік байланысын жақсартады.

Бүкіл агломерация үшін маңызы бар тағы бір жоба – Алматының батыс кәріз коллекторы. Негізгі учаскенің ұзындығы 35 шақырым, бүгінде 17,9 шақырым құбыр тартылған. Жоба аяқталғаннан кейін Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының, сондай-ақ Алматы облысының іргелес аумақтарының шамамен 200 мың тұрғыны орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

Бұдан кейінгі нысан – 3,4 шақырым Абай даңғылын ҮАААЖ-ға дейін ұзарту жобасы. Оның мақсаты – жол, Ақсай өзені арқылы көпір және ҮАААЖ үстінен жол өткелін салу. Жаңа аумақ Алматыдан шығатын қосымша бағыт қалыптастырып, Қарасай ауданымен көлік байланысын тиімді етеді.

Алматының әлеуметтік нысандарымен танысу Сейфуллин көшесіндегі 155 орындық №1 қалалық перзентханаға және Әйтеке би көшесіндегі бір ауысымда 500 келуші қабылдауға есептелген емханаға барумен жалғасты.

Аталған нысандарда тек қала тұрғындарына ғана емес, бүкіл агломерацияға қызмет көрсетіледі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz