Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев су тасқынына байланысты штаб отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Республикалық штаб отырысын өткізді деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.04.2024
Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті.

«Биылғы қарғын су ауқымы жағынан соңғы 30 жылдағы ең ірі су тасқыны саналған 2012 және 2017 жылдардағы деңгейден асып кетті. Бұл нені білдіреді? Болжам жұмыстары мүлдем болмаған. Жағдай салалық мамандардың тапшылығынан туындап отыр. Егер әкімдіктер жыл сайын су тасқынына қарсы жоспарланған барлық іс-шараны тиісті деңгейде жүзеге асырғанда, ауа райы жағдайын ескергеннің өзінде, апаттың салдары мен ауқымы мұншалықты болмас еді. Соған қарағанда, әкімдіктер бұл жұмыстармен айналыспаған. Қазір су тасқынынан төнетін қауіп сейілді деуге келмейді. Сондықтан Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қарулы Күштердің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің барлық күші мен құралын, оның ішінде кадрлық және техникалық ресурсын барынша жұмылдыру қажет. Сонымен қатар, еріктілерді, жәрдем бергісі келетін азаматтарды тарту керек. Алайда ең бастысы — мемлекеттік органдар. Ахуал кез келген сәтте ушығып кетуі мүмкін. Қазіргі басты міндет — адам шығынына жол бермеу. Бұл орайда жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз қажет», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, құзырлы мемлекеттік органдарға және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

«Су тасқынынан зардап шеккен адамдарға тиісті барлық көмек көрсетілсін. Бұл мақсатқа Үкіметтің және әкімдіктердің резервін ғана емес, «Қазақстан халқына» қорының қаржысын да пайдалану қажет. Осындай жауапты сәтте еліміздегі бизнес өкілдерін халыққа қол ұшын созуға шақырамын. Апаттан зардап шеккен азаматтарға және аймақтарға барынша қолдау көрсету керек. Бұл — дәл қазіргі кезеңде баршаға ортақ міндет. Қарғын судан қатты шығынға ұшыраған батыс аймақтарда ірі кәсіпорындар көп. «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялар, жер қойнауын игерушілер бар. Олар халыққа жәрдем беріп, бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысады деп сенемін», — деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

600 мың қатысушы және Наурыз рухы: Алматы облысында Ұлттық спорт күні кең көлемде атап өтілді

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz