Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қонаев қаласында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Облыс орталығының басты алаңында этноауыл құрылып, ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мерекелік іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындар мен қала қонақтарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Аймақ басшысы алдымен роботтар көрмесі мен «Жеті қазына» интерактивті жобасын тамашалады. Сондай-ақ департаменттер мен басқармалар тіккен киіз үйлерді аралап, ұлттық киімдегі жастардың театрландырылған қойылымдарын көрді. Этноауыл аумағында қала тұрғындарына наурыз көже ұсынылып, ұлттық тағамдардан дәм татуға мүмкіндік жасалды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген өңір басшысы Наурыз мерекесінің маңызын атап өтті.

«Бүгінгі мереке – халқымыздың бай мәдениеті мен ізгі дәстүрлерінің сабақтастығын айшықтайтын ерекше күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамы жаңа мазмұнға ие болып, «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 10 күндік мерекеге айналды. Бұл – ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың айқын көрінісі. Бүгін біз осы онкүндіктің маңызды күндерінің бірі – Ынтымақ күнін атап өтіп отырмыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Іс-шара барысында бірқатар азаматтарға мерекеге орай марапаттар табысталды.

Мерекелік бағдарлама эстрада әншілері мен жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасты. Олар жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, облыс әкімі Қонаев қаласындағы балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілермен бірге 40 түп ағаш көшетін отырғызды. Ол «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызын айтып, өңірде көгалдандыру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Кейін балаларды Наурыз мерекесімен құттықтап, олармен бірге наурыз көжеден дәм татып, концерт тамашалады.

Айта кетейік, Қонаевтағы балалар үйі өткен жылы жеке инвестор есебінен салынған. 180 орынға арналған мекемеде барлық қажетті жағдай жасалған. Мұнда асханалар, спорт және мәжіліс залдары, ойын және демалыс аймақтары, кітапхана мен медициналық кабинеттер қарастырылған. Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған арнайы кабинеттер бар.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz