Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев: «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын айқындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы елдегі өзекті мәселелерді ашық талқылап, қоғамның ұсыныс-пікірлерін саралайтын және нақты шешімдер ұсынатын арнайы институт құру мәселесін көптен бері ойластырып жүргенін айтты.

Президенттің сөзінше, Кеңестің атауын Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға өзі ұсынған.

«Қазақстан Халық Кеңесі» деген атау жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді. Конституцияға сәйкес мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – халық. Сондықтан жұртшылықтың мүддесін қорғайтын бірегей органның атауында «Халық» сөзінің тұруы – өте қисынды, орынды, себебі бұл – заңдылық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы Конституцияда бекітілген бірыңғай әрі ресми нұсқа екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жаңа органның мәртебесі мен жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді.

Жаңа Конституцияда Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган ретінде айқындалған.

Президент бұған дейін елдік мәселелерді талқылауда Қазақстан халқы Ассамблеясы, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және Ұлттық құрылтай маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

«Бұл институттар өздеріне жүктелген тарихи миссияны толығымен орындады. Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Қоғамдық сенім кеңесі сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениетті орнықтыруға атсалысты. Ал Ұлттық құрылтайдың мүшелері осы жалпыұлттық диалогті одан әрі тереңдете түсті», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған консультативтік алаңдар аясында қоғам үшін маңызды көптеген бастама көтерілді. Соның нәтижесінде 26 заң қабылданып, тағы 10 заң жобасы Құрылтайда қаралады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар бастамаларға атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

«Мен осы сәтті пайдалана отырып, мемлекеттік маңызы бар істерге белсене араласқан, отаншыл болудың озық үлгісін көрсеткен әрбір азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы табиғатты қасақана ластайтындарға жазаны күшейтуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев мерзімінен бұрын мәслихаттар сайлауы өтетінін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Президент Халық Кеңесінің маңызды рөлі туралы айтты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев: «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz