Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев мерзімінен бұрын мәслихаттар сайлауы өтетінін жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев елде бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылып жатқанын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026
Жаңалықтар

«Қазіргі кезеңде біз жергілікті өкілді органдардың, яғни мәслихаттардың сайлауын өткізуіміз қажет. Мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституцияда және тиісті заңдарда айқындалған мерзімге дейін сақталады. Дегенмен олардың көпшілігі «Amanat» партиясының атынан сайланды. Бүгінде бұл саяси ұйым «Әділет» партиясына қосылып, өз қызметін тоқтатты», — деді Президент.

Президент жақында тиісті заңнамалық рәсімдер аяқталатынын айтты.

«Сол кезде мәслихат депутаттарының басым бөлігінің қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайды. Жалпы, жергілікті депутаттар аймақтағы жұртшылықтың мүддесін қорғайды, бюджетті бекітеді және басқа да міндеттерді орындайды. Бір сөзбен айтқанда, елді-мекендерді өркендету ісіне белсене атсалысады. Демек, өкілді органдар қызметінің заңға сәйкес болуы айрықша маңызды. Сондықтан мен жақын арада премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті Жарлыққа қол қоямын».

Президенттің сөзінше, көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялауы керек.

«Бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби корпусын қалыптастыруға жол ашып, оның жұмысына тың серпін береді. Осы сайлаудың жоғары деңгейде және сапалы өтуіне сіздер де мол үлес қосасыздар деп сенемін», — деді Президент.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы табиғатты қасақана ластайтындарға жазаны күшейтуді ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев мерзімінен бұрын мәслихаттар сайлауы өтетінін жариялады

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Президент Халық Кеңесінің маңызды рөлі туралы айтты

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды — Тоқаев

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

Тоқаев: «Қазақстан Халық Кеңесі» атауы жаңа институттың жалпыұлттық сипатын көрсетеді

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz