Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді

Қазақстан Республикасының Жапония мен Корея Республикасындағы азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды.

20.11.2022
Жаңалықтар

Осылайша, Токио қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы қазақстандық кәсіпкер Сырымбек Тау болды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сайлауға қатысу әрбір азаматтың борышы, мемлекет алдындағы парызы деп ойлаймын. Біз өз таңдауымызды жасап, мемлекеттік іске белсенді араласуымыз керек. Менің ойымша мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен іргесінің берік болуына әркім өз үлесін қосу қажет. Міне, сондықтан да бүгін кәсіпкер ретінде Токиода іс-сапармен жүріп, өз дауысымды ел болашағы үшін беруді жөн көрдім», — деді Сырымбек Тау.

Оңтүстік Кореяның астанасындағы №258 учаскеге алғашқы болып қазақстандық Юрий Цой келді. Ол Сеулде 5 жылдан астам уақыт тұрып, кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

«Мен әрқашан Қазақстандағы жаңалықтарды белсенді қарап отырамын және елдегі оң өзгерістерді көріп жүрмін. Сондықтан бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге шешім қабылдадым», — деді кәсіпкер.

Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Сайлауда алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.

Астана уақытымен таңғы сағат 4:00-ден Токиодағы қазақстандықтар дауыс бере бастады. Ал ең соңғы сайлау учаскесі Сан Францискода Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де ашылады, өйткені уақыт белдеуінің айырмасы – 14 сағат.

Тегтер: сайлаусеул

Соңғы жаңалықтар

Мәңгілік ел идеясын ту еткен Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Президент

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Alatau City-де Қазақстандағы алғашқы eVTOL аэротаксиі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Бас прокуратура халықаралық форумда инвесторларды қорғау тәжірибесін ұсынды

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

Еңбекшіқазақ ауданында ұстаздар арасында «UstazQuiz» Супер кубогы өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz