Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Талғар мен Ұйғыр аудандарында тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылады

Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары шетел азаматтарына ғана қызмет көрсететін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға рұқсат етілген аумақтар қатарына енді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

Тиісті өзгерістер Үкіметтің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысында көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, Алматы облысында ойын бизнесіне қатысты аумақтар екі санатқа бөлінген. Қапшағай су қоймасының жағалауында казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды орналастыруға рұқсат етіледі.

Ал Талғар және Ұйғыр аудандарында казино мен ойын автоматтары залдарына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кіруіне мүмкіндік беретін арнайы аумақтар белгіленген.

Мұндай ойын мекемелеріне Қазақстан азаматтарының кіруіне жол берілмейді. Алайда мекемеде еңбек немесе қызметтік міндеттерін атқаратын қызметкерлер мен өзге де тұлғаларға бұл шектеу қолданылмайды.

Үкімет қаулысында шетелдіктерге арналған осындай арнайы ойын аймақтары Маңғыстау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында да белгіленген.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар мен мұғалімдер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысының автобус паркі 1 млрд теңгеге жуық шығынға батты

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz